Договор-оферта интернет-магазина
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Алматы қ.
Орналастырылған күні: 09.09.2025 ж.
Осы құжат бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «G and G гламур» ЖШС-нің бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын кез келген жеке немесе заңды тұлғамен жасалған ресми ұсынысы (жария оферта) болып саналады және www.gglooks.com сайтына орналастырылған тауарларды сатып алу-сату шартының барлық елеулі талаптарын қамтиды.
Осы оферта (бұдан әрі «Шарт») Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария болып табылады. Офертаны акцептеу (қабылдау) төменде баяндалған талаптарға сай шарт жасасуға тең болып табылады.
1. АНЫҚТАМАЛАР
1.1. «Сайт» — бұл пайдалану құқығы Сатушыға тиесілі интернетте орналасқан және www.gglooks.com домендік атаумен қолжетімді логикалық байланысты веб-беттердің жиынтығы.
1.2. «Тауар» — сатуға арналған Сайтта ұсынылған киім, аяқ киім, аксессуарлар және өзге де бұйымдар.
1.3. «Пайдаланушы» — сайтқа кірген жеке немесе заңды тұлға.
1.4. «Сатып алушы» — осы Шарт бойынша Тапсырыста Тауарды алушы ретінде көрсетілген не Тауарды қабылдаған және төлеген, не Сайтта ұсынылған Тауар ассортиментінен өзіне қажетті Тауарды кейіннен жеке, отбасылық, тұрмыстық және өзге де кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ қажеттіліктеріне пайдалану мақсатында сатып алу үшін Тапсырыс рәсімдеген тұлға.
1.5. «Тапсырыс» — осы Шартта және/немесе Сайтта белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес Сатып алушының Сайтта ұсынылған ассортименттен таңдап алынған Тауарды сатып алу туралы Сатушыға жолдаған сұрауы. Сатып алушының Тапсырысты ресімдеуі осы Шарттың жасалғанын, сондай-ақ оның барлық талаптарымен шектеусіз танысып, келісетінін (акцептін) растайды.
1.6. «Акцепт» - осы офертаның талаптарын толық және сөзсіз қабылдауы.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1 Тараптар осы Шартта көзделген талаптарға сәйкес Сатып алушының Сайтты пайдалануына байланысты осы Шартты жасайды.
2.2 Осы Шарт Сатып алушының Сайтта тіркелген және Шарт талаптарымен келісім берген сәтінен бастап жасалған деп есептеледі («Жалғастыру» батырмасын басу арқылы жария офертаға келісесіз).
2.3 Сатушы алдын ала хабарламай-ақ офертаға өзгерістер енгізу құқығын өзінде қалдырады, осыған байланысты Сатып алушы әрбір Тапсырысты ресімдеудің алдында осы Шарттың шарттарымен танысуға тиіс.
2.4 Офертаның өзекті редакциясы әрқашан сайтта қолжетімді.
2.5 Шарт Тараптар өзіне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.
3. ТАПСЫРЫСТЫ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ
3.1 Сатып алушы Сайтта ұсынылған тауарлар ассортиментінен өзіне ұнаған Тауарды таңдайды, Сайтта ұсынылған өлшемдер кестесін басшылыққа ала отырып, қажетті өлшемді анықтайды.
3.2 Сайтта ұсынылған Тауарлардың бейнелері анықтамалық сипатқа ие және Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары, соның ішінде түсі, өлшемі, үлгісі, пішіні туралы нақты ақпаратты толық көлемде жеткізе алмайды. Осыған байланысты қажет болған жағдайда Сайтта көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласа отырып, Сатушыдан кеңес алу ұсынылады.
3.3 Таңдалған Тауарды «себетке» салғаннан кейін, Сатып алушы өз таңдауына қарай Сайттағы қажетті жолақтарды толтыру арқылы немесе телефон қоңырауы арқылы Тапсырысты ресімдей алады.
3.4 Сатып алушы тапсырысты күн сайын ресімдеу мүмкіндігіне ие. Тапсырысты ресімдеу кезінде Сатып алушы (жеке тұлға) Сатып алушының (Тауарды Алушының) тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы, Тауарды жеткізудің нақты пошталық мекенжайы сияқты мәліметтерді көрсетуге тиіс. Егер Сатып алушы заңды тұлға болып табылса және сатып алынатын тауарға шот-фактураны ресімдеу талап етілсе, онда тапсырысты ресімдеу кезінде Сатып алушы «заңды тұлға» қойындысын таңдап, Компанияның атауы, компанияның БСН, электрондық пошта мекенжайы, заңды мекенжайы, байланысты тұлғаның ТАӘ, байланыс телефоны және Тауарды жеткізу үшін нақты пошталық мекенжайы сияқты ақпаратты көрсетуге тиіс.
3.5 Сатып алушы ұсынылатын ақпараттың мазмұны мен дұрыстығына дербес жауапты.
3.6 Сатып алушы Тапсырысты ресімдеу кезінде толық емес немесе жалған ақпарат көрсеткен жағдайда, Сатушы осы Шартты, оның ішінде Тапсырысты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
3.7 Сатушы Сатып алушыға телефон арқылы не Сатып алушы ұсынған электрондық пошта мекенжайы бойынша Шарттың маңызды талаптарын көрсете отырып, Тапсырысты орындау мүмкіндігін растау туралы, не Тапсырысты орындау (күшін жою) мүмкіндігінің жоқтығы туралы мына мерзім ішінде хабарлауға тиіс:
• Тапсырысты ресімдеген сәттен бастап 5 сағат ішінде (егер Тапсырыс сағат 19.30-ға дейін ресімделсе);
• Тапсырысты ресімдеу күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 12.00-ден кешіктірмей (Тапсырыс сағат 19.30-дан кейін ресімделсе).
Мемлекеттік мереке және өзге де демалыс күндерін қоспағанда, аптаның дүйсенбіден жұмаға дейінгі күндері жұмыс күндері болып есептеледі.
3.8 Сатып алушының Тапсырысты ресімдеу (Сайтта тіркелу) кезінде берілген логин мен құпиясөзді үшінші тұлғаларға хабарлауына тыйым салынады.
4. ТАПСЫРЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ
4.1 Тауарлар, құны, төлем және жеткізу шарттары туралы ақпарат Сайтта жарияланады. Сондай-ақ Сатып алушы тапсырысты өз бетінше ресімдейді. Сатушы тауардың қолжетімділігі туралы деректердің дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салады, алайда Тауарды сатып алу мүмкін болмайтын жағдайларды жоққа шығармайды.
4.2 Егер тапсырыс берілген Тауар қоймада жоқ болса, Сатушы (оның еркінен тыс себептерді қоса алғанда) біржақты тәртіппен Шартты орындаудан бас тартып, орын алған жағдайды Сатып алушыға міндетті түрде хабарлай отырып, Тапсырысты жоюға құқылы.
4.3 Сатып алушымен келісе отырып, Сатушы Сатып алушыны қызықтыратын Тауардың Сатушы қоймасына түскені туралы хабардар етуге және қажет болған жағдайда оны 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге резервке қоюға құқылы.
4.4 Тауарларды жеткізу міндеттемелерін орындау мақсатында Сатушы үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдаланады.
4.5 Тауарларды жеткізудің болжамды мерзімдері Сайтта «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген. Тауарларды жеткізу мерзімі Сатып алушының Астана, Алматы қалаларындағы Сатушының қоймасынан алыс-жақындығына, сондай-ақ Сатып алушының Тауарға төлем жасау жөніндегі міндеттемелеріне байланысты болады. Тапсырысты растау кезінде Сатушы Сатып алушы өз міндеттемелерін уақтылы орындаған жағдайда, Сатып алушы көрсеткен мекенжай бойынша Тауарды жеткізудің ықтимал мерзімін көрсетеді.
4.6 Сатушы өз қаражаты есебінен Тауарды осы Шартта көзделген тәртіппен, келісілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағында Сатып алушыға жеткізуді қамтамасыз етеді.
4.7 Қазақстан Республикасының аумағында жеткізу Сатушының есебінен жүргізіледі.
4.8 Тауарды пошта арқылы «Талап етілгенге дейін» деп көрсетілген алушы мекенжайына жеткізу мүмкіндігі қарастырылмаған және жүзеге асырылмайды.
4.9 Тауарды алған кезде тауарға ілеспе құжаттарға қол қоймас бұрын Сатып алушы Тапсырыстың ассортиментіне, өлшеміне, түсіне, санына, жиынтықтылығына сәйкестігін, сондай-ақ көзге көрінетін кемшіліктерді тексеруге міндетті. Қаптаманың бүтіндігіне шағымдар болмаған жағдайда, Алушы курьер ұсынған тауардың ілеспе құжатына қол қояды. Қаптаманың бүтіндігі бұзылған жағдайда, Алушы жеткізілген Тауарды курьердің көзінше қарап-тексеруге және Тауардың мәлімделген санына, ассортиментіне және жиынтықтылығына сәйкестігін тексеруге міндетті. Тауардың мәлімделген саны, ассортименті және жиынтықтығы сәйкес келмесе, курьермен бірге еркін нысанда Сәйкессіздік актісін жасау қажет. Сондай-ақ, фото және бейнетіркеу жүзеге асырылуға тиіс.
4.10 Тауарға меншік құқығы, сондай-ақ оның кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелі Сатып алушыға Тауар берілген және Сатып алушы Тауарды қабылдағанын растайтын құжаттарға (тауарқұжаттарға) қол қойған сәттен бастап өтеді.
4.11 Тауар Тапсырыс туралы мәліметтерді ұсынған тұлғаға табысталады (Тапсырыс нөмірі және Сатып алушының/Алушының Т.А.Ә.). Алушы көлік жүкқұжатына жүкті алғаны туралы қол қоюға міндетті.
4.12 Алаяқтық жағдайларының алдын алу мақсатында Тапсырысты тапсыру кезінде жеткізуді жүзеге асыратын үшінші тұлға Алушыдан жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге, сондай-ақ ұсынылған құжаттың түрі мен нөмірін Тапсырысқа қоса берілетін тауарға ілеспе құжатта көрсетуге құқылы.
5. ТАУАРҒА ТӨЛЕМ ЖАСАУ
5.1 Сайтта Сатып алушы тапсырыс бере алатын Тауарлардың бағасы ұлттық валютада (теңге) көрсетілген.
5.2 Сайтта көрсетілген Тауарлардың бағасын Сатушы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Сатып алушы Сатушы ұсынған бағалармен келіспеген жағдайда, Сатып алушы осы Шартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға (Тапсырыстың күшін жоюға) құқылы.
5.3 Сатушы шарт жасау сәтінде мақұлданған Тауардың құнына (Сатушының Тапсырысты растауы), тек Сатып алушы белгіленген тауарлардың төлемін кешіктірмеген жағдайда ғана, бір жақты тәртіппен өзгерту енгізе алмайды.
5.4 Сатып алушы Тауарларды 100% алдын ала төлем шарты бойынша, бірақ Сайтта «Төлем» бөлімінде көрсетілген қолжетімді тәсілдердің бірімен Тапсырыстың расталған сәтінен бастап, 2 жұмыс күнінен кешіктірмей төленуі қажет.
5.5 Сатып алушының тапсырыс берілген Тауарға төлем жасау туралы міндеттемесін орындаған сәті Сатушының есеп шотына ақшалай қаражат аударылған сәті болып табылады.
5.6 Банк картасымен төленген Тауарлар үшін карта туралы ақпарат тікелей, банкпен қорғалатын жүйелер арқылы банкке және төлем сервистеріне беріледі. Бұл ретте Сатушы Сатып алушының банк картасы туралы ешқандай деректер алмайды.
5.7 Осы Шартта көзделген жағдайларда Сатып алушы банк картасын пайдалана отырып, төлеген ақшалай қаражатты Сатушы төлем жүзеге асырылған сол банк картасына қайтарады.
6. ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІ
6.1 Сатып алушы тапсырыс берілген тиісті сападағы Тауарды алғанға дейін бас тартуға немесе оны алғаннан кейін 14 күн ішінде Сатушыға қайтаруға құқылы.
6.2 Сатып алушы Тауарды алғаннан кейін тиісті сападағы іш киім мен шұлық бұйымдарын қайтаруға немесе олардан бас тартуға құқығы жоқ.
6.3 Тиісті сападағы Тауарды қайтару, егер ол пайдаланылмаған болса, тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, жапсырмалары, бағасы, қаптамасы сақталған жағдайда, сондай-ақ Тауарды сатып алу фактісін және шарттарын растайтын құжаттар (фискалдық чек пен ілеспе құжаттар) болған кезде жүзеге асырылады.
6.4 Тиісті сападағы Тауарды қайтару Сатып алушы өз бетінше және Сатып алушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте Сатып алушы тауарды тасымалдау үшін көлік компаниясы талап ететін барлық ілеспе құжаттарды толтыруға тиіс. Сатып алушы кез келген көлік компаниясын таңдауға құқылы.
6.5 Тиісті сападағы Тауарды қайтару және алмастыру «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6.6 Сатып алушы Сатушының ақшалай қаражатын қайтаруын жүзеге асыру үшін осы Шарттың барлық талаптарын сақтауға тиіс.
6.7 Сапасыз Тауарды қайтару тауарды алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Сатушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
7.1. Сатып алушы Сайтта ұсынылған ақпаратта, материалдарда, тауарларда, соның ішінде фотосуреттерде, бейнелерде қамтылған зияткерлік қызмет нәтижелеріне және дараландыру құралдарына (бейне, сурет, сызба, графикалық элементтер, логотиптер, ұрандар) айрықша құқықтар Сатушыға және/немесе Тауар өндірушілеріне немесе Сатушының өзге серіктестеріне тиесілі екенін мойындайды.
7.2 Егер Шарттың қолданылу кезеңінде зияткерлік қызметтің жаңа немесе заңмен қорғалатын өзге де нәтижелері және/немесе оларға теңестірілген дараландыру құралдары туындаған жағдайда, оларға кез келген айрықша құқықтар Сатушыға және/немесе Тауар дайындаушыларға немесе Сатушының өзге серіктестеріне тиесілі болады.
8. ҚҰПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
8.1. Сатушы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Сатып алушының дербес деректерін үшінші тұлғаларға жария етпеуге тиіс.
8.2. Дербес деректерді өңдеу «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
8.3. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сатып алушы Шартты орындау мақсаттары үшін Сатушыға Шартқа байланысты берілген өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
8.4. Дербес деректерді өңдеуге дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, беру, тарату, иесіздендіру, бұғаттау, алып тастау, жою әрекеттері жатады.
8.5. Сатушы Шартты орындау мақсатында Сатып алушының дербес деректерін үшінші тұлғаларға қажетті көлемде ашуға құқылы.
8.6. Сатып алушының дербес деректерін өңдеуді Сатушымен жасалған шарт негізінде үшінші тұлға жүзеге асыра алады. Сатып алушы сондай-ақ Сатушыға Интернет желісін пайдалана отырып, аралас (оның ішінде автоматтандырылған) өңдеу, жүйелеу, сақтау және үшінші тұлғаларға беру тәсілімен дербес деректерді өңдеуге рұқсат береді.
8.7. Сатушы Сатып алушының (алушының) дербес деректерін осы Шартта көзделмеген мақсаттарда пайдаланбауды және Сатып алушы туралы дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуді міндетіне алады. Сатып алушы ұсынған дербес деректерді пайдалану туралы талаптар, сондай-ақ Сатып алушылардың Сайт материалдары мен сервистерін пайдалану шарттары Сайтта орналастырылған және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын «Құпиялылық саясаты» бөлімінде жазылған.
9. ФОРС-МАЖОР
9.1. Тараптар, осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамаған жағдайда, егер ол еңсерілмейтін күш мән-жайларынан әсерінен туындаса, жауапкершіліктен босатылады.
9.2. Мұндай жағдайларға тікелей немесе жанама түрде: соғыс, дүлей зілзала, мемлекеттік органдар тарапынан жасалған актілер, жер сілкінісі, өрт, селдер, су тасқыны, індет, әскери қақтығыстар немесе төңкерістер, террористік актілер, азаматтық толқулар мен ереуілдер, Интернет жұмысындағы ақаулар, сондай-ақ ақылға қонымды бақылаудан тыс өзге де мән-жайлар жатады.
9.3. Белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімі, егер олар өзіне алған жағдайлардың уақытылы орындалуына толықтай көлемде немесе форс-мажор жағдайдан кейін орын алатын бөлшегіне айтарлықтай әсер етсе, осындай жағдайлардың қолданылу уақытына сәйкес жылжытылады.
10. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
10.1 Тараптар осы Шартты орындау кезінде немесе оған байланысты туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық шараларды қабылдайды.
10.2 Сатушы үшінші тұлғалардың кінәсінен немесе форс-мажор жағдайлардың салдарынан болған кешігулер мен ақаулар үшін жауап бермейді.
10.3 Сатып алушы берілген деректердің дұрыстығына жауап береді.
10.4 Егер даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралуға тиіс.
10.5 Сайтқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін жалпы қолданыстағы байланыс арналарының сапасы осы Шарт тараптарының жауапкершілік шегінен тыс болады.
11. БАСҚА ТАЛАПТАР
11.1 Осы Шартта тапсырысты ресімдеу кезінде Сатып алушы көрсеткен кез келген тәсілімен Сатып алушы тауарларды ілгерілетуге бағытталған, оның ішінде Тапсырыстарға салым салуды көздейтін маркетингтік немесе жарнамалық материалдарды Сатушыдан алуға өз келісімін білдіреді.
11.2 Осы Шартта жұмыс күндері ретінде бес күндік жұмыс аптасына сәйкес күндер танылады, алайда заңнамада белгіленген демалыс және мерекелік жұмыс істемейтін күндер есепке алынбайды.
11.3 Тараптар веб-сайт, электрондық пошта және өзге де байланыс құралдары арқылы алынған құжаттардың заңды күшін қағаз түріндегі қарапайым жазбаша нысанда орындалған құжаттарға тең екендігін мойындайды.
11.4 Тараптар электрондық поштаға және/немесе осы Шартта көрсетілген веб-сайт арқылы алынған кез келген хат-хабарлар мен хабарламалар алушыға тиісті түрде жеткізілгеніне келіседі.
11.5 Шарт Сатып алушы офертаны қабылдаған кезден бастап әрекет етеді және Тараптар осы Шартқа сәйкес өз міндеттемелерін орындағаннан кейін аяқталады.
12. САТУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
«G and G Гламур» ЖШС
БСН: 091240009138
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., 050010, Достық даңғылы, 34/1, 18-т.е.ү.
Электрондық пошта: gglooks@gg.kz
Сайт: www.gglooks.com
_________________________________________________________________
ПУБЛИЧНАЯ ОФЕРТА
г. Алматы
Дата размещения: 09.09.2025г.
Настоящий документ является официальным предложением (публичной офертой) ТОО G and G Гламур», именуемого в дальнейшем «Продавец», и содержит все существенные условия договора купли-продажи товаров, размещённых на сайте www.gglooks.com, с любым физическим или юридическим лицом, именуемым в дальнейшем «Покупатель».
Настоящая оферта (в дальнейшем Договор) является публичной в соответствии со статьей 395 Гражданского кодекса Республики Казахстан. Акцепт (принятие) данной оферты является равносильным заключению договора на условиях, изложенных ниже.
1. ОПРЕДЕЛЕНИЯ
1.1. «Сайт» — это совокупность логически связанных веб-страниц, расположенных в интернете и доступных под доменным именем www.gglooks.com, право на использование, которого принадлежит Продавцу.
1.2. «Товар» — одежда, обувь, аксессуары и иные изделия, представленные на Сайте для продажи.
1.3. «Пользователь» — физическое или юридическое лицо, посетившее сайт.
1.4. «Покупатель» — сторона по настоящему Договору указанное в Заказе в качестве получателя Товара, либо принявшее и оплатившее Товар, либо оформившее Заказ с целью приобретения (покупки) выбранного из представленного на Сайте ассортимента Товара для последующего использования исключительно для личных, семейных, домашних и иных нужд, не связанных с осуществлением предпринимательской деятельности.
1.5. «Заказ» — в порядке и на условиях, определенных в настоящем Договоре и/или на Сайте, направление Покупателем Продавцу запроса на покупку Товара, выбранного из представленного на Сайте ассортимента. Оформление Покупателем Заказа является подтверждением (акцептом) заключения настоящего Договора, ознакомления и принятия без оговорок всех условий настоящего Договора.
1.6. «Акцепт» — полное и безоговорочное принятие условий настоящей оферты.
2. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ
2.1 Стороны заключают настоящий Договор об использовании Покупателем Сайта, на условиях, определенных в настоящем Договоре.
2.2 Моментом заключения настоящего Договора является регистрация Покупателем на Сайте и предоставление согласия с условиями Договора (нажатие кнопки «Продолжая, вы соглашаетесь с публичной офертой»).
2.3 Продавец оставляет за собой право вносить изменения в оферту без предварительного уведомления, в связи с чем Покупатель обязуется перед каждым оформлением Заказа ознакомиться с условиями настоящего Договора.
2.4 Актуальная редакция оферты всегда доступна на сайте.
2.5 Договор действует до полного исполнения Сторонами принятых на себя обязательств.
3. ПОРЯДОК ОФОРМЛЕНИЯ ЗАКАЗА
3.1 Покупатель выбирает понравившийся Товар из числа, представленного на Сайте ассортимента, определяет нужный размер, руководствуясь таблицей размеров представленной на Сайте.
3.2 Изображения Товаров, представленные на Сайте, носят справочный характер и не могут в полной мере передавать достоверную информацию о свойствах и характеристиках Товара, включая расцветку, размер, фасон, форму. В связи с этим, при необходимости следует проконсультироваться с Продавцом, связавшись по указанным на Сайте контактным данным.
3.3 После добавления выбранного Товара в «корзину» Покупатель по своему выбору оформляет Заказ одним из следующих способов: либо путем заполнения необходимых полей на Сайте, либо по телефону.
3.4 Заказ может быть оформлен Покупателем ежедневно. При оформлении Заказа Покупатель (физическое лицо) обязуется указать следующую информацию: фамилию, имя, отчество Покупателя (Получателя Товара), контактный телефон, адрес электронной почты, точный почтовый адрес доставки Товара. В случае если Покупатель является юридическим лицом и требуется оформление счета-фактуры на приобретаемый товар, то при оформлений заказа, Покупатель выбирает вкладку «Юридическое лицо», где обязуется указать следующую информацию: Название компании, БИН компании, адрес электронной почты, юридический адрес, ФИО контактного лица, контактный телефон и точный почтовый адрес для доставки Товара.
3.5 Покупатель несёт персональную ответственность за содержание и достоверность представляемой информации.
3.6 Продавец не несет ответственности за неисполнение или ненадлежащее исполнение настоящего Договора, в том числе Заказа, в случае указания Покупателем при оформлении Заказа неполной или недостоверной информации.
3.7 Продавец обязуется уведомить Покупателя по телефону, либо по адресу электронной почты, предоставленным Покупателем, о подтверждении возможности исполнения Заказа с указанием существенных условий Договора либо об отсутствии возможности исполнения (аннулирование) Заказа в следующие сроки:
• в течение 5 часов с момента оформления Заказа (если Заказ оформлен до 19.30 часов);
• не позднее 12.00 часов рабочего дня, следующего за днем оформления Заказа (при оформлении Заказа после 19.30).
Рабочими днями считаются дни недели с понедельника по пятницу включительно, за исключением государственных праздничных и иных нерабочих дней.
3.8 Покупатель обязуется не сообщать третьим лицам логин и пароль, присвоенные при оформлении Заказа (регистрации на Сайте).
4. ПОРЯДОК И СРОКИ ИСПОЛНЕНИЯ ЗАКАЗА
4.1 Информация о товарах, стоимости, условиях оплаты и доставки размещается на Сайте. При этом Покупатель самостоятельно формирует заказ. Продавец прилагает все усилия для корректного отображения данных о наличии товара, при этом не исключает случаи, когда товар может быть недоступен для покупки.
4.2 В случае отсутствия заказанных Товаров на складе Продавца, в том числе по причинам, не зависящим от Продавца, Продавец вправе в одностороннем внесудебном порядке отказаться от исполнения настоящего Договора (аннулировать Заказ) в отношении отсутствующего в наличии Товара с обязательным уведомлением Покупателя.
4.3 По соглашению с Покупателем Продавец вправе уведомить Покупателя о поступлении на склад Продавца Товара, интересующего Покупателя и при необходимости зарезервировать его на срок не более 1 рабочего дня.
4.4 В целях исполнения своих обязательств по доставке Товаров Продавец использует услуги третьих лиц.
4.5 Примерные сроки доставки Товаров указаны на Сайте в разделе «Доставка». Сроки доставки Товаров зависят от удаленности адресата от склада Продавца в городах Астана, Алматы, а также обязательств Покупателя по оплате Товара. В подтверждении Заказа Продавец указывает возможный срок доставки Товара по указанному покупателем адресу при условии своевременного исполнения Покупателем своих обязательств.
4.6 Продавец за свой счет обеспечивает доставку Товара Покупателю на территории Республики Казахстан в согласованный с Покупателем в порядке предусмотренным настоящим Договором срок.
4.7 Условия и стоимость доставки товаров за пределы территории Республики Казахстан оговариваются в индивидуальном порядке.
4.8 Доставка Товара почтовым отправлением в адрес «До востребования» не осуществляется.
4.9 При получении Товара до предоставления подписи в товаросопроводительных документах Покупатель обязан осмотреть Товар на предмет соответствия Заказу по ассортименту, размеру, расцветке, количеству, комплектности, а также на предмет видимых недостатков. В случае отсутствия претензий к целостности упаковки Покупатель расписывается в товаросопроводительном документе, предоставляемом курьером. В случае нарушения целостности упаковки Покупатель совместно с курьером составляет Акт несоответствия в произвольной форме. Покупатель также осуществляет фото и видео фиксацию.
4.10 Право собственности, а также риски случайной гибели или случайного повреждения Товара переходят к Покупателю с момента передачи ему Товара и подписания Покупателем документов, подтверждающих получение Товара (товаросопроводительные документы).
4.11 Товар вручается лицу, предоставившему сведения о Заказе (номер Заказа и Ф.И.О. Покупателя/Получателя). Получатель обязан расписаться о получении груза в транспортной накладной.
4.12 Во избежание случаев мошенничества, при вручении Заказа третье лицо, осуществляющее доставку, вправе затребовать документ, удостоверяющий личность Получателя, а также указать тип и номер предоставленного документа Получателем, в товаросопроводительном документе к Заказу.
5. ОПЛАТА ТОВАРА
5.1 Цены на товары, которые могут быть заказаны Покупателем, указаны на Сайте в национальной валюте (казахстанский тенге).
5.2 Цены на Товары, указанные на Сайте могут быть изменены Продавцом в одностороннем порядке. В случае несогласия Покупателя с предложенными Продавцом ценами Покупатель вправе в одностороннем порядке отказаться от исполнения настоящего Договора (аннулировать Заказ).
5.3 Цены на Товары, согласованные на момент заключения Договора (подтверждение Заказа Продавцом), не могут быть изменены Продавцом в одностороннем порядке, кроме случаев просрочки оплаты Покупателем данных Товаров.
5.4 Покупатель оплачивает Товары на условиях 100% предоплаты, но не позднее 2-х рабочих дней с момента подтверждения Заказа одним из доступных способов указанных на Сайте в разделе «Оплата».
5.5 Моментом исполнения Покупателем обязательства об оплате заказанного Товара является момент зачисления денежных средств на расчетный счет Продавца.
5.6 При оплате за товары банковской картой, информация о карте передаётся на прямую, через защищённые банком системы, в банк и платёжным сервисам. При этом Продавец не получает никаких данных о банковской карте Покупателя.
5.7 Возврат Продавцом, оплаченных Покупателем с использованием банковской карты денежных средств, в случаях, предусмотренных настоящим Договором, осуществляется на ту же банковскую карту, с которой осуществлялся платеж.
6. ПОРЯДОК ВОЗВРАТА ТОВАРА
6.1 Покупатель имеет право отказаться от заказанного Товара надлежащего качества до его получения или вернуть его Продавцу в течение 14 дней после его получения.
6.2 Покупатель после передачи ему Товара не вправе отказаться (возвратить Продавцу) от Товара надлежащего качества: нательное бельё и чулочно-носочных изделий.
6.3 Возврат товара надлежащего качества проводится, если указанный Товар не был в употреблении, сохранены его товарный вид, потребительские свойства, этикетки, ценники, упаковка, а также при наличии документа, подтверждающие факт и условия покупки Товара (фискальный чек и сопроводительные документы).
6.4 Возврат Товара надлежащего качества осуществляется Покупателем самостоятельно и за счет средств самого Покупателя. При этом Покупатель обязуется заполнить все сопроводительные документы, требуемые транспортной компанией для транспортировки товара. Покупатель вправе выбрать любую транспортную компанию.
6.5 Возврат и обмен Товара надлежащего качества возможен в соответствии с Законом РК «О защите прав потребителей».
6.6 Для осуществления возврата денежных средств Покупателем Продавцом должны быть соблюдены все условия настоящего Договора.
6.7 Возврат Товара ненадлежащего качества осуществляется за счет Продавца в течение 30 календарных дней с момента получения товара.
7. ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНАЯ СОБСТВЕННОСТЬ
7.1. Покупатель согласен с тем, что исключительные права на результаты интеллектуальной деятельности и средства индивидуализации (изображения, рисунки, чертежи, графические элементы, логотипы, слоганы), содержащиеся в представленной на Сайте информации, материалах, товарах, в том числе фотографиях, изображениях принадлежат Продавцу и/или изготовителям Товаров или иным партнерам Продавца.
7.2 В случае, если в период действия Договора возникнут новые или любые иные охраняемые законом результаты интеллектуальной деятельности и/или приравненные к ним средства индивидуализации, любые исключительные права на них будут принадлежать Продавцу и/или изготовителям Товаров или иным партнерам Продавца.
8. КОНФИДЕНЦИАЛЬНОСТЬ И ЗАЩИТА ДАННЫХ
8.1. Продавец обязуется не разглашать персональные данные Покупателя третьим лицам, за исключением случаев, предусмотренных законом.
8.2. Обработка персональных данных осуществляется в соответствии с Законом РК «О персональных данных и их защите».
8.3. В соответствии c законом Республики Казахстан «О персональных данных и их защите» Покупатель для целей исполнения Договора, дает Продавцу согласие на обработку предоставленных Продавцу в связи с Договором своих персональных данных.
8.4. Обработка персональных данных включает следующие действия: сбор, запись, систематизацию, накопление, хранение, уточнение (обновление, изменение), использование, передачу, распространение, обезличивание, блокирование, удаление, уничтожение, персональных данных.
8.5. Продавец вправе в необходимом объеме раскрывать с целью исполнения Договора персональные данные Покупателя третьи лицам.
8.6. Обработка персональных данных Покупателя может быть осуществлена третьим лицом на основании договора с Продавцом. Покупатель также дает Продавцу разрешение на обработку персональных данных методом смешанной (в том числе и автоматизированной) обработки, систематизацию, хранение, и передачу с использованием сети Интернет третьим лицам.
8.7. Продавец обязуется не использовать персональные данные Покупателя (получателя) в целях, не предусмотренных настоящим Договором, и обеспечить конфиденциальность персональных данных о Покупателе. Условия об использовании предоставленных Покупателем персональных данных, а также условия использования Покупателями материалов и сервисов Сайта изложены в разделе “Политика конфиденциальности”, размещенном на Сайте и являющемся неотъемлемой частью настоящего Договора.
9. ФОРС-МАЖОР
9.1. Стороны освобождаются от ответственности за частичное или полное неисполнение обязательств по настоящему договору, если оно вызвано обстоятельствами непреодолимой силы.
9.2. К таким обстоятельствам относятся вызванные прямо или косвенно проявлением: войны, стихийных бедствии, актов со стороны госорганов, землетрясении, пожаров, селей, наводнении, эпидемии, военных конфликтов или переворотов, террористических актов, гражданских волнении и забастовок, сбоев в работе Интернета, а также иных обстоятельств вне разумного контроля.
9.3. Сроки выполнения этих обязательств соразмерно сдвигаются на время действия таких обстоятельств, если они значительно влияют на выполнение в срок взятых на себя обстоятельств в полном объеме или той их части, которая подлежит выполнению после наступления обстоятельств форс-мажора.
10. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ СТОРОН И РАЗРЕШЕНИЕ СПОРОВ
10.1 Стороны примут все меры для урегулирования всех споров и разногласий, которые могут возникнуть при выполнении настоящего Договора или в связи с ним, путем переговоров между Сторонами.
10.2 Продавец не несет ответственности за задержки и сбои, произошедшие по вине третьих лиц или из-за форс-мажора.
10.3 Покупатель несет ответственность за достоверность предоставленных данных.
10.4 В случае, если споры и разногласия не могут быть решены путем переговоров, они должны быть рассмотрены в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
10.5 Качество каналов связи общего пользования, с помощью которых осуществляется доступ к Сайту, находится вне границ ответственности сторон данного Договора.
11. ПРОЧИЕ УСЛОВИЯ
11.1 Настоящим Договором Покупатель выражает свое согласие на получение от Продавца любым из указанных Покупателем при оформлении Заказа способом маркетинговых или рекламных материалов, направленных на продвижение Товаров, в том числе и предполагающих вложение в Заказы.
11.2 Под рабочими днями в целях настоящего Договора понимаются рабочие дни, исходя из пятидневной рабочей недели, кроме установленных законодательством выходных и нерабочих праздничных дней.
11.3 Стороны договариваются, что признают юридическую силу текстов документов, полученных по каналам связи (веб-сайте, электронной почты и др.) наравне с документами, исполненными в простой письменной форме на бумажном носителе.
11.4 Стороны соглашаются с тем, что вся переписка, извещения и уведомления, полученные на адреса электронной почты и/или веб-сайте, указанные в настоящем Договоре, считаются доставленными адресату в надлежащей форме.
11.5 Настоящий Договор вступает в силу с момента Акцепта оферты Покупателем и заканчивается после исполнения принятых Сторонами на себя обязательств в соответствии с условиями Договора.
12. РЕКВИЗИТЫ ПРОДАВЦА
ТОО "G and G Гламур"
БИН: 091240009138
Юридический адрес: Республика Казахстан,
г. Алматы, 050010, пр. Достык, 34/1, н.п. 18
Электронная почта: gglooks@gg.kz
Сайт: www.gglooks.com
